USD
USD
USD

Аргентиналықтар неге шу шығарды?

Аргентина астанасында Диего Марадонамен қоштасу рәсімінде тәртіпсіздіктер болды. Буэнос-Айрес полициясы жас ағызатын газ қолданды, – деп хабарлайды TN телеарнасы.

Аргентиналықтар неге шу шығарды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марадонамен қоштасу рәсімі президент сарайында өткен. Кумирін соңғы сапарға шығарып салуға жиналғандар ғимаратқа кезекпен кірген. Алайда кейінірек аңызға айналған футболшымен қоштасу жергілікті уақыт бойынша 16:00-де аяқталатыны анықталды. Сосын сарайдың кіреберісінде тәртіпсіздіктер басталған: полиция мен Марадона фанаттары арасында қақтығыс болған.

Құқық қорғау органдары жас ағызатын гранаталарды сарай ішіне лақтырғаны айтылады. Онда фанаттар кіріп алған. Жиналған жұртты тарату үшін суатқыштар қолданылған.

Бұдан кейін билік Марадонаның денесі қойылған мәйітті президент сарайындағы залдан алып кетті. 

«Қаупісіздікті сақтау үшін табыт залдан шығарылды, сарайдың ішкі залдарынан фанаттар шығып кетпейінше осындай шешім жасалды», – деп хабарлады жергілікті телеарна тілшілері.

Аргентинаның ішкі істер министрі Вадо де Педро қақтығысқа Буэнос-Айрес билігі кінәлі деп, күш қолдануды тоқтатуды талап етті.

«Орасио Ларетту (мэр) мен Диего Сантильяны (вице-мэр) қала полициясының бассыздығын тоқтатуға шақырамыз», - деп жазды ІІМ басшысы Twitter-де.

Infobae порталының мәліметінше, тәртіпсіздік кезінде тоғыз адам ұсталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy