USD
USD
USD

 Аргентина гендік тұрғыдан өзгертілген бидай өсіреді

Аргентина генетикалық түрлендірілген бидайды өсіру және тұтынуды мақұлдаған әлемдегі тұңғыш ел атанды.

 Аргентина гендік тұрғыдан өзгертілген бидай өсіреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Аталған ведомствоның мәлімдеуінше, HB4 деп аталатын бидай сұрыпын CONICET Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық комиссиясы әзірлеп шыққан. Ол құрғақшылыққа төзімді келеді екен. Алайда кей сарапшылар бұған алаңдаушылық танытып отыр. Айтуларынша, бидайдың жаңа түрі адам денсаулығы мен табиғатқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Бүгінде аргентиналық бидайдың 45 процентке жуығы Бразилияға экспортталады. Сондықтан Аргентина көршілес елде де генетикалық түрлендірілген бидайдың мақұлдануына мүдделі.

Қазір оқып жатыр

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы