USD
USD
USD

Ардагерлер Түркістанға саяхаттап қайтты

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері киелі Түркістанға зиярат етіп қайтты.

Ардагерлер Түркістанға саяхаттап қайтты
Фото: NEGE.kz

Шымкент,  NEGE. Бастауыш ардагерлер үйінің төрағалары мен төрайымдарынан және тыл ардагерлерінен құралған топта 37 ардагер бар. Қарттарды сәтті сапарға аудан әкімі Рашид Мыңбаев шығарып салды.

—Ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамутдин ағамызбен қарттар күнінде бірқатар ардагерлерімізді құттықтап барғанда, ер түрік бесігіне бір күндік саяхат ұйымдастыру туралы ұсыныс түскен еді. Карантин басталғалы ата-әжелер ешқайда шықпапты. Шымкент қаласы қазір «жасыл» аймаққа өтті, ауа райы да қарасып тұр. Сондықтан ақылдаса келе, түрленіп түлеген Түркістанды көріп, бой жазып қайтсаңыздар деп шештік. Қауіпсіздік үшін сіздермен бірге тәжірибелі дәрігерді жібердік. Ақ жол,- деді аудан әкімі.

Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып зиярат етіп, Түркістанда салынған жаңа ғимараттар мен нысандарды аралады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары