Ардагерлер президентке үндеу жолдады
Қорғаныс министрлігі жанынан Ардагерлер ісі жөніндегі комитет құру керек.
Алматы, NEGE. Ауған соғысының ардагерлері осындай ұсыныс білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
Бастамашылардың айтуынша, ұйым өкілдерін тек айтулы күндері ғана шақырмай, ардагерлердің азаматтық тәжірибесін іс жүзінде пайдалану қажет. Жаңа құрылым ардагерлердің әлеуметтік-медициналық мәселесін шешуге көмектеседі.
Айта кеткен жөн, елімізде қазір 16 мыңға жуық ауған соғысының ардагері бар.
«Еліміздің, іргеміздің сөгілмеуін, қанның нықақтан төгілмеуін ары қарай сақтау ардагерлердің әлеуетін тиімді пайдалана білсек, ол өте орынды болады. Сондықтан ардагерлер ешқашан өзінің жеке басының пайдасын ел мұраттарынан немесе мемлекет мүддесінен жоғары қойған емес. Алайда ардагерлер туралы қабылданған заңда олардың намысына тиетін, олардың денсаулығының төмендеп бара жатқанын соған ерекше көңіл бөлу дұрыс деп ойлаймыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.
Қазір оқып жатыр
Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты