USD
USD
USD

«Ардагер tıme» акциясы өтті

Қығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еріктілер «Ардагер time» акциясын өткізді. 

«Ардагер tıme» акциясы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бесқарағай аудандық жастар ресурстық орталығының мәліметіне сүйенсек, «Ардагер time» акциясының мақсаты – ардагерлер мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету және жастарды отансүйгіштікке баулу.

«Мұндай іс-шаралар жоспарлы түрде ғана емес, үнемі өткізіліп келеді. Көмекке мұқтаж қарт адамдарды анықтап, оларға қолұшын созамыз. Осы арқылы халқымыздың асыл құндылықтарын дәріптеп, үлкендерге құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақты мейірімділікке шақырғымыз келеді. Аудан волонтерлері мен жастары игі шараларға белсенді қатысып жатыр», - делінген ақпаратта.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілген «Ардагер time» акциясы барысында Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Мейірімді жүрек» еріктілері Бесқарағай ауылындағы қарт адамдардың үйіне барып, қажетті көмек көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова