USD
USD
USD

Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысындағы баяндамасында айтты.

Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері басшыларының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі саммит тығыз ынтымақтастық, өзара тиімді серіктестік жасау және бір-біріміздің мүдделерімізді құрметтеу арқылы ғана аймағымыздың тұрақты дамуын, қауіпсіздігі мен экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ете алатынын анық көрсетіп отыр.Біздің кездесуіміз су саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін шешімдерді уақтылы және бірлесе қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін.Жоғары деңгейдегі келесі кездесуді өзім бастамашы болған БҰҰ аясындағы аймақтық климаттық саммитпен біріктіре отырып, 2026 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын.Сөзімді қорытындылай келе, Қор қызметін мүлде жаңа деңгейге көтеру үшін Қазақстан бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін тағы да растағым келеді.Қор жұмысына барлық құрылтайшы мемлекеттің белсенді араласуы су мәселесін тиімді шешуге және аймақтық интеграцияның одан әрі нығаюына ықпал етеріне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты