USD
USD
USD

Аралда фильм түсіріліп жатыр

Қызылорда облысының Арал ауданында жаңа фильмнің түсіру жұмысы басталды.

Аралда фильм түсіріліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімет таратты. «Режиссер Виктор Вильковский бастаған «Теңіздің оралуы» ғылыми-танымдық фильмінің түсірілім тобы Арал ауданында түсірілімді бастады. Арал теңізінің экологиялық апатының себебі - теңізді қоректендіретін Сырдария мен Амудария өзендерін мақта, күріш және басқа дақылдарды суаратын арналарға бұру болғаны көпшілікке белгілі.

Ғылыми және мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, халықаралық ұйымдар мен қорлар көп жылдар бойы Арал теңізінің тартылу мәселесін шешумен айналысып келеді. Режиссер дәл осы маңызды жұмысты қамтуды жоспарлап отыр» деп хабарлайды киностудиядан.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.