USD
USD
USD

Аралас жекпе-жек: Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты жықты

Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турнирінде басты айқаста Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті, деп хабарлайды Sports.kz

Аралас жекпе-жек: Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты жықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. А.Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, бірінші раундтың соңына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Айта кетсек, қазақстандық спортшы былтыр әлемнің белді промоушені – UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді. Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы айқасы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін екендігін айтты.

Еске салайық, Алматыдаға Octagon 39 турнирінде бұған дейін қазақстандық Бауыржан Қалмұрзаев ресейлік файтер Константин Чередниченкомен (15-19) кездесіп, оны 20-секундта нокаутқа жіберді.

Сондай-ақ қазақстандық Жансерік Жақсығұлов та түрік Фатих Шентуркті (2-1) нокаунтпен жеңді. 

Қазақстанның тағы бір спортшысы – Әлішер Ғабдуллин әзербайжандық Серхан Валилимен (8-4) кездесті. Ғабдуллин қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

40 жаста жүзуді бастаған қазақ қызы Балқаштың 21 шақырымын қалай бағындырды?

Балқашты жүзген қазақ әйелі

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай