USD
USD
USD

Арал табанына егілетін сексеуіл алқабы ұлғаяды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арал табанына егілетін сексеуіл алқабы ұлғаятынын айтты.

Арал табанына егілетін сексеуіл алқабы ұлғаяды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Көмірқышқыл газының әсерін бәсеңдетуде ағаш егу жұмыстарын белсенді жүргізу маңызды рөл атқарады. Қазақстан шағын орманды мемлекеттерге жатады. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе жалпы аумақтың 11%-ын құрайды. Биыл елді көгалдандыру бойынша ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін 2 миллиард ағаш егіледі. Бұл бастама үлкен халықаралық резонансқа ие шын мәнінде ұлттық ауқымдағы жобаға айналуда», - деді Президент елордада өтіп жатқан «Париж келісімі мен Қазақстанның көміртегі бейтараптығының мақсаттарына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференция барысында.

Сондай-ақ, ол Арал табанына егіліп жатқан сексеуіл алқабының аумағын кеңейту жоспарланғанын еске салды.

«Біз сондай-ақ Арал теңізінің қаңсыған табанына сексеуіл отырғызуды ұлғайту бағдарламасын қабылдадық. 2025 жылға қарай бұл сексеуіл ақабы 1,5 миллион гектарға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғыда өзбекстандық әріптестерімізбен ынтымақтаса әрекет етіп жатырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

 

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас