USD
USD
USD

Арал ауданында мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер шаруаларға берілмек

Жергілікті әкімдер ауыл шаруашылығына пайданалуы тиіс алқаптарды оңды-солды бөле берген

Арал ауданында мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер шаруаларға берілмек
Фото: NEGE.kz

, деп жазды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Соның нәтижесінде көптеген елді мекен тұрғындары азын-аулақ малын жаятын жер таппай жүр. Мәселен Қызылорда облысы Қазалы ауданының 5 ауылында жайылым тапшылығы сезіліп отыр. Осы ретте ауқымды аумақты жалға алып, мүлде пайдаланбай жүрген тұлғалардан 18 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

 Одан бөлек көрші Арал ауданындағы Ақирек ауылдық округінде 50 мың гектардай жер учаскесі мемлекетке өтті. Ақбай елді мекені маңынан 1200 бас мүйізді ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасын ашамын деп 10 жер телімін алған кәсіпкер алқаптың жартысын кәдеге жаратпай келген. Оны әшкерелеген аудандық прокуратура істі облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдап, ауыл жұртының пай үлесін алып берді.
 

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік