Араб шейхтеріне Қазақстан аумағында дуадақ аулауға рұқсат беріледі
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Ашық НҚА» сайтында «Жек дуадаққа саятшылық құру туралы» үкімет қаулысының жобасын жариялады.
Алматы, NEGE. Араб шейхтеріне жалпы саны 413 жек дуадақ аулауға рұқсат беріледі. Осының нәтижесінде Қазақстан бюджеті жүздеген миллион теңгемен толығады
Құжатқа сәйкес 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында мына тұлғаларға өз ителгілерімен же дуадаққа саятшылық құруға рұқсат беру қарастырылған:
Шейх Халифа Бин Заид Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 97 (тоқсан жеті) дара жек дуадаққа және Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 99 (тоқсан тоғыз) дара жек дуадаққа;
Шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 52 (елу екі) дара жек дуадаққа;
Шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 51 (елу бір) дара жек дуадаққа;
Шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Қатар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында 34 (отыз төрт) дарақ жек дуадаққа және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорығы аймағының аумағында 80 (сексен) дара жек дуадаққа.