USD
USD
USD

Араб кәсіпкері Роналду мен Месси матчіне екі жарым миллион доллар жұмсауға дайын

Сауд Арабиясында кәсіпкер футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы жолдастық матчқа VIP билет сатып алу үшін бірнеше миллион жұмсауға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Араб кәсіпкері Роналду мен Месси матчіне екі жарым миллион доллар жұмсауға дайын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адам 17 қаңтарда аяқталатын аукционда осы лотты ұтып алу үшін 10 миллион риал, яғни 2,66 миллион доллар, теңгеге шаққанда 1 миллиард 220 миллион ұсынып отыр. Ешкім бұдан артық шығын шығаруға дайын емес.

Билет "Қиялдан тыс" деп аталды. Осы билет арқылы жақында ғана Роналду кірген арабиялық "Әл-Наср" мен Месси ойнайтын "Пари Сен-Жермен" арасындағы жолдастық кездесуге қатысуға болады.

Әлемде асыға күтетін матчтердің бірі 19 қаңтарда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Роналду мен Месси 2020 жылғы желтоқсанда "Ювентус" "Барселонаны" 3:0 есебімен жеңгеннен кейін алғаш рет кездескелі тұр.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors