USD
USD
USD

Әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталды

Астанадағы бокстан ерлер арасындағы Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Бір аптаға жалғасқан бәсекеде отандық боксшылар 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі) дәрежесінде өнер көрсетіп, өзара кім мықтыны анықтады.  

Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталып, ұлттық құрама жаңадан жасақталады.

Спартакиадада топ жарған былғары қолғап шеберлері келесі жылға жоспарланған халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирлерге қатысады.

Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасындағы Карина Ибрагимова жуырда ғана Қытайда өткен Азия ойындарында лицензияға ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич