Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы беріле ме?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов атаулы әлеуметтік көмек мөлшері қалай есептелетіндігін түсіндірді.

Әр балаға 42 500 теңге жәрдемақы беріле ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әр балаға 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеу мәселесін жан-жақты қарастырдық, зерделедік. 42 500 теңгеден, 20 мың теңгеден жәрдемақы қарастыруды ұсынғандар да болды. Бірақ, ортақ ымыраға келе отырып, көпбалалы отбасылардың әр баласына 4 АЕК мөлшерінде, яғни 11 668 теңгеден жәрдемақы төлеу шешімі қабылданды және қазіргі уақытта беріліп жатыр. Елімізде 18 жасқа толмаған 6,2 млн бала бар. Егер 42 500 теңгені 6,2 млн-ға көбейтсек, ай сайын 263 млрд теңге, жылына 3,2 трлн теңге шығады. Ал Еңбек министрлігінің халыққа көрсететін әлеуметтік қолдау іс-шараларына жұмсайтын қаражаты 3,9 трлн теңгені құрайды. Бұл республикалық бюджеттің 24 пайызына тең. Енді оған 3,2 трлн теңге қосатын болсақ, онда бұл еліміздің денсаулық сақтау, білім, қорғаныс, тұрғын үй және басқа да маңызды салаларға жұмсалатын қаражатының шектелуіне әкеп соғуы мүмкін», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Департамент басшысының атап өтуінше, Еңбек министрлігі жоғарыда аталған жайттарды ескере келе, әр балаға ай сайын 42 500 теңгеден жәрдемақы төлеу ұсынысын қолдаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.