Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әр азаматқа 930 доллар көлемінде материалдық көмек беретін болды

Жапония мамыр айында әрбір азаматына 100 мың иен (шамамен 930 доллар немесе шамамен 400 мың теңге) көлемінде материалдық көмек төлей бастайды. Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында елдің премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі Таро Асо мәлімдеген

Әр азаматқа 930 доллар көлемінде материалдық көмек беретін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халыққа көмек көрсетудің осындай нұсқасын либерал-демократиялық партияның билеуші коалициясының серіктесі Коэйто партиясы ұсынған. 

Мақсат - ел экономикасына коронавирус індеті келтірген залалға байланысты барлық отбасыға табыс көлеміне қарамастан көмек көрсету.

Асоның айтуынша, табысы жақсы адамдардан берілген көмекті кейін қайтарып алу "физикалық тұрғыда мүмкін емес, бұл өте күрделі рәсім".

Жапония үкіметінің бас хатшысы Тсихидэ Суга үкіметтің "жүйені тез құруға әрекет етуге" ниетті екенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА