USD
USD
USD

Құрылтайдың әр депутатына жылына 155 млн теңге жұмсалатыны рас па?

Желіде 2027 жылға Құрылтайға 22,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланғаны жөнінде ақпарат тарады. Кейін кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл соманы 145 депутатқа бөлгенде, әр депутатқа жылына 155 млн теңге жұмсалатыны айтылды.

Құрылтай бюджеті
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков алдағы жылға Құрылтайға 22,5 млрд теңге көлемінде бюджет бекітілгенін растады.

«Бұл сомаға Құрылтайды мемлекеттік орган ретінде ұстауға жұмсалатын барлық шығын кіреді. Атап айтқанда, коммуналдық, әкімшілік, көлік шығындары, тек депутаттардың ғана емес, аппарат пен оған қарасты ұйым қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ ғимараттарды күтіп-ұстауға арналған коммуналдық шығындар бар», – деп мәлімдеді Кальянбеков Zakon.kz желілік басылымына. 

Оның айтуынша, келесі жылдың бюджетінде жаңа қызметтік көлік немесе тұрғын үй сатып алуға қаражат қарастырылмаған.

Сондай-ақ ол «Құрылтайды бюджеттен қаржыландыру көлемі өсті» деген сөз шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Ол салыстыру үшін Сенат пен Мәжілістің бюджетін мысалға келтірді. 2026 жылы Сенат пен Мәжілістің бюджеті 34,8 млрд теңге болған. Бұл тұрғыдан алғанда Құрылтайдың бюджеті 35%-ға азайған.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur