USD
USD
USD

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

Алматыда тұрғылықты және уақытша тұру орны бойынша тіркеу кезінде тұрғын үйдің жалпы алаңы ескерілмек. Жобаға сәйкес, бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын үй алаңы есептелуі тиіс.

тұрғын үйге тіркеу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы Алматы мәслихатының сессиясында шешім жобасын таныстырған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы уақытта бір мекенжай бойынша тым көп адамның тіркелуі халық санын нақты есептеуге кедергі келтірген. Осы мәселені шешу үшін тіркеу нормативін белгілеу ұсынылған.

Жаубасовтың нақтылауынша, 15 шаршы метрлік норматив азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету нормасы болып саналмайды. Яғни бұл талап әр адамға 15 шаршы метр көлемінде жеке баспана берілуі керек дегенді білдірмейді.

«Бұл норматив тек тіркеу есебін жүргізу кезінде сандық өлшем ретінде қолданылады. Бұл көрсеткіш статистикалық есепте, сондай-ақ көші-қон қызметі мен полиция департаментінің тиісті басқармалары үшін қолданылады», – деп түсіндірді ол.

Бұл ретте тұрғын үйге тіркеу кезінде ме үй иесінің жақын туыстарына шектеу қойылмайтыны айтылды. Атап айтқанда, үй иесі жұбайын, балаларын және олардың отбасы мүшелерін, жақын туыстарын, олардың жұбайлары мен балаларын, сондай-ақ өзі немесе жұбайы асырауындағы не қамқорлығындағы адамдарды белгіленген нормадан тыс тіркей алады.

Жоба тұрғын үй иелерінің мүддесін ескере отырып, тіркеу есебін ретке келтіруге бағытталған. Оны қабылдау Алматыда тіркелген халық саны туралы мәліметтердің нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен