Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аптап ыстық алдымызда

Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды су айдыны мен орманды-далалы аймақтарда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Аптап ыстық алдымызда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің 10 өңірінде қатты ыстық сақталады.

15 шілде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында 35-39, 40-42 градусқа дейін қатты ыстық, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел, кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

15-16 шілде күндіз Ақмола облысының кей аймақтарында 35 градус ыстық пен төтенше өрт қаупі сақталады. Дауыл ықтималдығы – 80-85%.

«Республикада қатты ыстық ауа райы өзгермей тұрғандықтан, өрт қаупінің жоғары дәрежесі сақталады» делінген ТЖК хабарламасында.

Төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG

Сарапшылар азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өзара іс-қимылын талқылады

ҚҚДИ

Үлкен Алматы айналма автожолымен жүру құны екі есе қымбаттайды

тариф