Аптап ыстықтан Шымкент маңындағы тас жолға зақым келді
Түркістан облысында «Шымкент қаласының солтүстік айналма жолы» автомобиль жолының цементбетон жабындысы жарылып кетті.
Астана, NEGE. Тас жолдың 2257+300 км учаскесіндегі ақауды 7 маусымда «Қазавтожол» мамандары анықтаған.
Компания мәліметінше, ақаудың пайда болуына ауа температурасының +35…+37°С-қа дейін күрт көтерілуі себеп болуы мүмкін.
«Мұндай жағдайда бетон плиталары кеңейіп, жол жабынының ішінде қысым пайда болады», – деп түсіндіреді «Қазавтожол» өкілдері.
Қазіргі уақытта мамандар жол жабынының техникалық жай-күйін тексеріп, жүру бөлігін қалпына келтіруге кірісті.
Жұмыс жүргізіліп жатқан аумақта тиісті уақытша жол белгілері қойылған. Жол қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.
Осыған байланысты компания өкілдері жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын орындауды және осы учаскеден өту кезінде барынша мұқият болуды сұрайды.
Қазір оқып жатыр
Қазақстан және ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті
Нұргүл Ертаеваның Алматыдағы коттеджі 1,5 млрд теңгеге сатылды
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады