1 Тамыз 18:04

Апталық шолу | #21 ШОЛУ

Фото:

Банктердің бірінші жарты жылдықтың қортындысын шығарған есептеріне қарап, коронавирустен бәлендей зардап шекті деп айта алмайсыз.

Оны «кейінге қалдырылған әсер» дейді. Мемлекеттің азаматтарға қолдау білдіріп несие төлеуді кейінге шегергені банктерге жылдың екінші жартысында ауыр соққы бермек. Қазірдің өзінде банк активтері 78 млрд теңгеге қысқарған. 27 банктің ішінде 16 банктің көрсеткіштері төмендеді. Мамандардың айтуынша, несие портфелі 1,76 пайызға азайып кеткен. Жалпы, экономикалық сауат үшін, салмақты сараптама іздесеңіз «Банктер НЕГЕ ауруын жасырып отыр?» деген мақаланы оқуды ұсынамын.

АҚШ Қытайға ресми түрде қырғи-қабақ соғыс жариялады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Калифорния кітапханасында сөйлеген сөзін сарапшылар осылай тәпсірлеп отыр. Оның айтуынша, Қытай – АҚШ-тың ғана емес, «еркін әлемнің» басты жауы. ХХІ ғасырдың басты айқасының елімізге ықпалы орасан. Өйткені, еліміздің қойын-қонышы байлыққа толы деп далақтап мақтанғанымызбен, оны игеріп, қызығын көріп отырған – осы бірін-бірін атарға оғы жоқ екі алып ел. Тілшіміз тіпсірлеген «АҚШ қазақтар үшін Қытайға соғыс ашты» деген тақырып сізге қызық болуы мүмкін. Жаһан саясатына қызықсаңыз бір деммен оқып шығасыз.

CNN басылымына берген сұхбатында Ресей ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Кирилл Дмитриев вакцина 10 тамызда дайын болады деп мәлімдеді.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпараттар әлі берілген жоқ. Қазіргі уақытта тестілеудің екінші кезеңінің аяқталғаны туралы мәлімет бар. Бірақ тестілеудің үшінші кезеңінсіз вакцинаны ресми түрде тіркеу үлкен алаңдаушылық туғызады дейді сыншылар. Неге екенін Nege.kz-тен оқыңыз.  

«СҚ-Фармация» ЖШС қызметкерлерінің жалақысын айтты.

Компанияның баспасөз қызметі редакция жолдаған сауалға жауап берді. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «СҚ-Фармация» штатында 150 қызметкер бар. Барлық қызметкер жоғары білімді» дейді «СҚ-Фармация». Ал енді жалақыға келсек, қарапайым менеджерлер 200 мың теңгеден, бас менеджер 350 мың теңгеден, қызметкерлерді әкімшілік басқарушы 450 мың теңгеден, басқарма мүшелерінің, оның ішінде, басқарма төрағасының жалақысы 750 000 теңгеден басталады екен.

Apple компаниясы жаңа iPhone 12 телефонының презентациясын кейінге шегерді.

Бұл туралы компанияның жаңа қаржы директоры Лука Маэстри айтты. Жаңа iPhone 12 телефонының презентациясы бірнеше аптаға кейінге шегерілген. Енді бұл шара осы жылдың қазанына жоспарланып отыр. Сондай ақ, Apple 2020 жылдың үшінші тоқсанында 59,7 миллиард доллар пайда тапқаны да сіздер үшін қызық болар.

Тегтер: