USD
USD
USD

Apple желіні шулатты

iPhone және Apple-дың басқа да құралдары сымсыз байланысатын жаңа жерсерік технологиясын жасап шығармақ. Бұл жайында кешелі бері жаһандық БАҚ жарыса жазып жатыр.

Apple желіні шулатты
Фото: NEGE.kz

Мұндай жерсерікті байланыс технологиясы пайдалану құралдарына ақпаратты тікелей қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Яғни, Apple гаджеттерінің иелері желіге қосылмай-ақ жұмыс істей алатын болады. 

Bloomberg басылымының мәліметінше, ол үшін Apple арнайы жеке жерсерік құрал қоймайды. Оның орнына компания деректерді байланыс спутниктеріне жіберетін таратушы құрылғыларды немесе жердегі станцияларды ғана дамытады. Осы технологиялар арқылы Apple құрылғылары бір-бірімен ақпарат алмасып не желінің бар-жоғына қарамастан гаджеттерді байланыстыра алады.

Сонымен қатар, жаңа технология құрылғылардың орналасқан жерін нақты анықтай алады. Жаңа технологияны жасап шығаруға Apple өкілдері әуе ғарыш саласының бірнеше инженері мен жерсерік және антенна жасайтын мамандарды жалдаған. Жобаны жасау барысында мәселе туындаған сәтте оны тоқтатуы мүмкін екені айтылады.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт