USD
USD
USD

Apple өнімдерінің әлсіз жері қандай?

Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі процессордың осал жері анықталды. Бұл туралы Digitpol кибер қауіпсіздік агенттігі айтты.

Apple өнімдерінің әлсіз жері қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Digitpol агенттігі бұл ақпаратты қытайлық Team Pangu бағдарламаны әзірлеушілер тобына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың пікірінше, мұндағы мәселе SEP (Secure Enclave Protection) процессорымен байланысты екен. Ол смартфон мен планшеттегі құпия ақпаратқа жауап береді. Оған құпия сөздер (пароль) мен биометриялық мәлімет те кіреді.

Құралдағы ақпаратты алу үшін Checkm8 эксплойты пайдаланылады. Ол автоматты түрде бұғаттау режимінен айналып өтіп, гаджеттегі құпия ақпаратты ашатын кодты табады. 

Сарапшылардың пікірінше, хакер құралдағы ақпаратты алу үшін смартфонды қолына түсірсе жеткілікті.

Мамандар Apple компаниясының смартфондары мен планшеттеріндегі осалдықты бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде жою мүмкін емес екенін айтады.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға