USD
USD
USD

Apple Iphone 12 өндірісін тоқтатады

IPhone 12 mini өндірісі 2021 жылдың екінші тоқсанында тоқтайды. Смартфонның жаңа желісінде Apple компаниясы оңтайланған және тартымды шағын модельді айналымға шығарады.

Apple Iphone 12 өндірісін тоқтатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылғы қазанда Apple iPhone 12 mini, iPhone 12, iPhone 12 Pro және iPhone 12 Pro Max кіретін iPhone 12 ұялы телефондар желісін қолданысқа ұсынды.

iPhone 12 mini 5,4 дюйм OLED дисплейімен жабдықталған және компаниядағы ең арзан смартфон. Алайда бағасының төмендігіне қарамастан iPhone 12 mini ең аз сатылған модель. Ол сатылымның 6 пайызын ғана құрайды.

Жақында белгілі JPMorgan Chase инвестициялық ұйымы соңғы болжамын жариялады. Ондағы сарапшы Уильям Янгтың талдауынан кейін iPhone 12 және iPhone 12 mini өндіру болжамы 9 және 11 миллионға азайды. Сондай-ақ, ол iPhone 12 mini-ге нарықта сұраныс аз екенін және әлемдік сатылым көрсеткіші тым төмен екенін растады. Сарапшы түрлі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Apple бұл телефонды 2021 жылдың екінші тоқсанында шығаруды тоқтататынын айтты.

Осылайша iPhone 12 mini iPhone тарихындағы ең қысқа мерзімді флагмандық модель болуы мүмкін. Сондай-ақ, сарапшы iPhone 12 Pro Max-тың сату болжамын 11 миллионға арттырған.

Қазір оқып жатыр

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы

Алматы әкімдігі эвакуация туралы ақпаратты теріске шығарды

сел қаупі

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana