Аппеляция соты Елжан Біртановтың ісі бойынша шешім шығарды
Нұр-Cұлтан қаласының апелляциялық соты Бас прокуратураның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісін прокуратураға кері қайтару туралы шағымы бойынша шешім шығарды.
Алматы, NEGE. Елжан Біртановтың ісін прокуратураға кері қайтару туралы сот шешімі өзгеріссіз қалатын болды.
b«Сот алқасы қаулы етеді. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 28 қаңтардағы Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевке қатысты істі бойынша прокуратураға кері қайтару туралы қаулысы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 329-бабындағы тәртіпке сәйкес өзгеріссіз қалсын», - деді судья.
Еске салсақ, сот отырысы кеше, 17 қаңтарда басталған болатын. Прокурор Жангелді Есебаевтың сөзінше, істі кері қайтару туралы шешім Қазақстан Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларына қайшы болған.
Ал қорғаушы тарап бүкіл тергеудің барысында айтарлықтай заңбұзушылықтар болғанын мәлім етті.
Оның ішінде сараптау өндірісінде, қаржы жымқыру бабын қызметін асыра пайдалану бабына ауыстыру кезінде, сотқа дейінгі тергеудің тізбесіне тіркеу кезінде, қылмыстық іс материалдарымен таныстыру кезеңінде, Елжан Біртановтың бұрынғы көмекшісі Олжас Әбішевке қатысты да айыптау актісін таныстырған кезде және істі сотқа өткізу кезінде заң бұзылған.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады