USD
USD
USD

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

Елордалық полицейлер қаладағы ойын-сауық орындарының бірінің маңындағы автотұрақта отшашу атқан ер адамды ұстады.

отшашу
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/police__astana

Астана, NEGE. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 34 жастағы жігіт әпкесін туған күнімен құттықтамақ болып отшашу ұйымдастырған. Алайда оның бұл әрекеті түнгі уақытта қала тұрғындарының тыныштығын бұзған.

«Бұл факт бойынша ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметі тұрғындардың тыныштығын құрметтеуге және пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген орындарда, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, пайдалануға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші