USD
USD
USD

Әпкесі телефонын тартып алған: 6-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарши ауылындағы оқушының әрекеті, қалың көпшілікке ой салды. Туған апасына ренжіп, өзіне пышақ тығып алғанын түсіне алар емес. Келеңсіз оқиғаны аудандық білім бөлімі басшылығы растады. Жеткіншек қазір аудандық ауруханада ем алып жатыр.

Әпкесі телефонын тартып алған: 6-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Темір аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, оқыс жағдайға отбасылық жанжал себеп болған. Жарақат алған оқушы Шұбарши орта мектебінің алтыншы сыныбында оқиды. Оның үлкен әпкесі, сіңілісіне телефоныңда таста деп ескерту жасаған.

«Әпкесі сіңлісіне сабақ оқу туралы айтып, телефонын алып қойған. Бала соған жауап ретінде осылай жасаған. Өзіне пышақ сұғып алған. Дәрігерлермен барып сөйлестім, 1 см тілік болған екен», – дейді Теміртау аудандық білім бөлімінің басшысы Жұмагерей Наурызғали.

Абырой болғанда жасөспірімнің өміріне төнген қауіп сейілlі. Қазір аудандық ауруханада жатыр. Дәрігерлер ота жасалғанын айтты, жағдайы бірқалыпты деп бағалауда. Отбасында төрт қыздың ең кішісі, сабақ үлгерімі жақсы. Отбасының әлеуметтік жағдайы да жаман емес. Ата-анасы кәсіпкерлікпен айналысады, дейді аудандық білім бөлімінің басшысы. Оқушылардың әлеуметтік желіге, агрессивті ойындарға қаншалықты әуестігін анықтау үшін қазір аталған мектепте психолог мамандар жұмыс бастаған.

Қазір оқып жатыр

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz