USD
USD
USD

Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Арыстанбек Мұхамедиұлына тағайындалған сот үкімі өз күшінде қалды. Ұлттық музейдің бұрынғы директоры жазасын сот үкіміне сай өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлына шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Арыстанбек Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы заңды күшіне енді. А. Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді, оны қорғаушылардың дәлелдері расталмады. Сотталушыны атауға негіз жоқ. Аталған іс бойынша аудиторлық зерттеу жүргізілді», - деді судья Мұрат Солтыбаев.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Айта кетсек, сот барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындамады.

Биыл 20 маусымда сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты