USD
USD
USD

Айтбек Амангелдінің Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығынды өндіру туралы шағымы өзгеріссіз қалды

Астанада 2024 жылғы 27 қарашада апелляциялық сот Айтбек Амангелдінің бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы талап-арызына қатысты шешім шығарды.

Бишімбаев соты
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Апелляциялық сотта моральдық шығынды өтеу сомасын 1 миллиард 500 миллион теңгеге дейін арттыру мәселесі көтерілді. Алайда, сот шешімді өзгеріссіз қалдырып, талапкердің шағымы қанағаттандырылмады.

Сот бірінші сатыдағы сот шешімімен Айтбек Амангелдінің материалдық шығынды өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылғанын еске салды.

«Іс материалдарынан анықталғандай, сотталушы түпкілікті үкіммен талапкердің қарындасын өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Марқұмның ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтты. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасы үшін өндіріп алудан бас тартты», - делінген сот хабарламасында. 

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр