USD
USD
USD

Апелляциялық сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісін қарады

Сот бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз таппады, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.

сот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. "Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.