Апат айтып келеді... Хронология
Бүгін таңертең Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Қаза тапқандар мен ауыр жараланғандар аз емес.
Nege.kz порталы ұшақ апатының хронологиясын жасады.
Таңғы 7:05: Bek Air әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытына шыққан №Z2100 рейсі ұшағы әуеге көтерілген соң, радардан жоғалып кетті.
Таңғы 7:22: Ұшақ Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала елді мекенінің маңында апатқа ұшырады. Ұшақта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Таңғы 7:40: Алғашқы жедел-жәрдем жетіп, көмегі көрсетілді. Апат кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 51 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
11:00: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбділдаев баспасөз мәслихатын өткізіп, апаттан 14 адамның қаза болғанын мәлімдеді.
12:00: Премьер-министрдің басшылығымен үкіметтік комиссия құрылды.
13:00: ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық қаралы күн деп жариялады.
18:00: Апатқа байланысты Президент Қ.Тоқаев Ақордада шұғыл жиын өткізді.

Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айрылып қалған.

«Оқиғаның мән-жайы анықталғанға дейін Bek Air әуе компаниясы ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды. Себебі, әуе компаниясының паркі Fokker-100 ұшақтарынан тұрады. Әзірге қолға алған шара осы», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев.

«Бүгін Алматы маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады», – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

«Алдын ала белгілі болғандай, апаттан 9 адам көз жұмды. Тағы 9 адам жарақат алды. Оның алтауы – бала».

«Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады».

Жарақат алғандардың көпшілігі – бала. Арасында 4 айлық сәби де бар...

Бұл хабарды қоғамдық ұйымның мүшесі Махмұт Телеқұсов растады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы және экипаждың 5 мүшесі болған.

Оқиға орнында жүрген тілшіміздің хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 15 адамға жетті...


Ол Bek Air компаниясының Талғар маңына құлаған ұшағындағы 93 жолаушының бірі болған...

Қолданыста барлығы 9 Fokker 100 әуе кемесі бар. Әуе кемесі алғаш рет ҚР Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне 2013 жылғы 3 шілдеде UP-F1007 тіркеу нөмірімен енгізілді.

«Алдымен ұшақ шайқала бастады. Одан кейін қайта қонғандай болды. Әлденеге соғылған екенбіз. Ұшақ бортында қатты айқай-шу болған жоқ. Оқиғаның бәрі есімде жоқ. Не болғанын түсіне алмадық. Есімді жиғанда алдымның бәрі жабық екенін көрдім» дейді Марал Ерман.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ұшақтың не себепті құлағанын айтты.

«Bek Air әуекомпаниясындағы жағдайға байланысты барлық жолаушы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін жоспарланған рейстердің әуебилеттерін толықтай қайтарып алуы керек», – делінген хабарламада.
Видеоны түсірген автор: «Гүлдала ауылының тұрғындары. Ыстық шай, сорпаҚұтқарушыларға қандай да бір көмек жасап жатырмыз» дейді.

Жеті жыл бұрынғы оқиғадағы сандардың қайталануы таңдандырды: жеті жыл бұрын – 27 адам.., 27 – желтоқсан қаралы күн. Биыл да – 27 желтоқсан...

«28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні» деп жариялаған Президент еліміздегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді.

Ең қызығы, африкалық әуе компаниясына жалға берілген ұшақ сол уақытта Алматы-Астана бағытында жолаушылар тасымалдаған.
NEGE.KZ