A-Parking тегін болады
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай мен карантиндік шараларға байланысты біз басқаратын барлық қалалық автотұрақтар 21 наурыздан 15 сәуірге дейін ақысыз, тегін болады.
Алматы, NEGE. Сізден тұрақ ережелерінің барлығын сақтауыңызды сұраймыз, атап айтқанда:
• Көлігіңізді белгі қойылған тиісті жерге қойыңыз және автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтаңыз
• Көлік қоюға арналған орынға ғана көлігіңізді тізгіндеңіз
• Төтенше жағдайлар қызметі үшін өтуге болатын жолдарды жаппаңыз
• Көлігіңізді тыйым салынған екінші жолға қоймаңыз
Қалалық автотұрақтардағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен бақылауды Алматы қаласының Жол полициясы басқармасы жүзеге асырады.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының негізінде, халықтың өмірі мен денсауығын сақтау үшін еліміздің барлық аумағында 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізілген болатын.
Қазір оқып жатыр
«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды
Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды
Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған
Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы