6 Қаңтар 10:30
...

«Апамның шәйі Premium gold», «Pakistan tea» секілді шайларды сатуға тыйым салынды

freepik.com
Фото: freepik.com

Қазақстанда кейбір танымал шайларды әкелуге және сатуға тыйым салынды. 

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кейбір шайлардың құрамынан тыйым салынған тағамдық бояғыштар анықталғанын хабарлады.

«Сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары "күн батуы" (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылғаны анықталды. Бұл бояғыштардың шай өндірісінде қолдануына рұқсат етілмейді», – делінген ресми ақпаратта.

Бұған қоса шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлар көрсетілген. Бұл рұқсат беру құжаттарының жоқтығын білдіреді.

Сараптамадан кейін мына қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  •  «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы);
  •  «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
  • «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
  • «Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:
  • «Al-Hayat» Gold, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
  • «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
  • «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Қаулы 5 қаңтардан бастап күшіне енді.

Тегтер: