USD
USD
USD

Антикордың қызметкерлерін Олимпиада чемпионы Василий Левит жаттықтыратын болды

Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабаралады. 

Антикордың қызметкерлерін Олимпиада чемпионы Василий Левит  жаттықтыратын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ Агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады.

Василий Левит 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі