USD
USD
USD

Антикордың ұсынысымен Ұлытау жолдарына паспорттау жүргізілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарын салу саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде, деп хабарлады BAQ.KZ.

көлік
Фото: Zakon.kz

Алматы, NEGE. Ұлытау облысы жолдарының жалпы ұзындығы - 2711,7 км, облыс құрылғаннан бері жолдарды жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалған.

Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Ұлытау облысы құрылғаннан бері әкімдіктердің бейінді бөлімдері мен басқармалары жолдарға паспорттау жүргізбеген.

Жолдардың жай-күйін паспорттаудың және есепке алудың болмауы сапасыз жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізу қаупін арттырады, сондай-ақ жөндеуге жататын жол жамылғысының ауданы бойынша көтерілген сметаларды бекітудің жүйелі фактілеріне ықпал етеді, - деп жазылған антикордың мәліметінде.

Бұл кемшіліктер мердігерлер мен тапсырыс берушілер үшін төлқұжаттары болмаған кезде техникалық құжаттамамен айла-шарғы жасауға қолайлы жағдай туғызады.

ЖАО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша жолдарды аспаптық зерттеу рәсімін жоспарлау бойынша жұмыс жүргізуде, одан кейін паспорттау жүргізіледі, «Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 2024-2025 жылдарға арналған аспаптық тексеру және паспорттау жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарт жасасты.

Паспорттауды қолдану орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға, көлемдерді, техникалық жай-күйді және инженерлік желілерді дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК