Антикордың бұрынғы басшысы ұсталды

Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды, деп хабарлайды Elmedia.
Алматы, NEGE. Elmedia-ның мәліметінше, Талғат Татубаев азаптау бабы бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық істі Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық тергеу тобы жүргізуде.
Антикорда Татубаевтың тікелей басшысы — Қазақстанның бұрынғы Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров болған.
49 жастағы Татубаев — Қарағандының тумасы. Ол еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарында тергеуші болып бастаған.
2005 жылдан бастап қаржы полициясында қызмет етіп, сыбайлас жемқорлықша қатысты құқықбұзушылықтарды ашу және алдын алу департаментінің басшысына дейін көтерілген.
2013 жылдан бастап Президент әкімшілігінде құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2016–2019 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (Ұлттық бюро) басқарды. Сонымен қатар, Бас прокуратурада қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып,
2020–2022 жылдары Әділет министрі Марат Бекетаевтың кеңесшісі қызметін атқарған.