USD
USD
USD

Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын мәлімдеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері "АлматыЭлектроТранс" ЖШС бас директоры Бекмырза Игенбердиновке қатысты тергеудің егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

Антикор өкілдері "Алматыэлектротранс" басшысына қатысты істің мән-жайын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттік мәліметінше, ведомствоның Алматы бойынша департаменті Игенбердиновтің кәсіпкерлік субъектісі өкілінен 150 мың доллар көлемінде пара алғанын, атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып, бұрын жасалған келісімдер бойынша ақша аударғанын әшкерелеген.

30 қыркүйекте оған қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 30 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Игенбердиновке қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау туралы өтінішті қанағаттандырғанын растады.

Еске салайық, бұған дейін "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры жұмыстан босатылғаны туралы хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити