USD
USD
USD

Антикор «Қазселденқорғау» басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Антикор «Қазселденқорғау» басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Сарбаздар енді әскери бөлімге пицца мен бургерді тапсырыспен алдыра алады

әскери бөлімдер

БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісі 35 шақырымға жеткен

"Сырым-Машкатово" өткізу бекеті

Шығыста мемлекетке 1,2 млрд теңге залал келтірген компания басшысы іздестірілуде

Восток инженеринг

Чайлдфри шариғатта құптала ма: ҚМДБ үкімі жарияланды

ҚМБД