USD
USD
USD

Антикор ҚазАвтоЖолдың барлық жол-пайдалану учаскелерін тексеріп жатыр

Мемлекет басшысының "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мен "Казахавтодор"ЖШС бірыңғай жол компаниясына біріктіру жұмыстары аясында"ҚазАвтоЖол"ҰК" АҚ ішкі аудит қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп, барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметін тексеруде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Антикор ҚазАвтоЖолдың барлық жол-пайдалану учаскелерін тексеріп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ішкі тексеріс барысында бірқатар ЖПУ басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, ЖПУ басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады. Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі.

Ішкі тексеріс төмендегі тармақтарды қамтиды:

өндірістік құжаттаманы рәсімдеу;

жанар-жағар майды есептен шығару;

жол парақтарын рәсімдеу;

ЖПУ басшыларының қызметкерлердің еңбек пен орындаушылық тәртібін қадағалауы;

күнделікті жұмысқа еш қатысы жоқ мамандарды тіркеу фактілері және т.б.

Барлық жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері жұмыс орындарында, күре жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары қалыпты режимде жүзеге асып жатыр.

Сонымен қатар былтырдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жою үшін "ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ жұмыс процестерін толық цифрландыруды қолға алғанын айта кеткен жөн.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент