USD
USD
USD

Антикор Гүлмира Сатыбалдының ісінде екі факті бойынша тергеуді аяқтады

Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады.

Антикор Гүлмира Сатыбалдының ісінде екі факті бойынша тергеуді аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд. теңгеден асады.

Ағымдағы жылғы 15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді.

Сатыбалды Г., оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді.

Осы факт бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.

Сатыбалды Г.-ға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық