USD
USD
USD

Антикор Екібастұздағы апатты сыбайлас жемқорлықпен байланыстырды

Екібастұзда жылумен жабдықтауға қатысты төтенше жағдай негізінен саладағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа байланысты болды. Бұл туралы Антикордың Алдын алу қызметі басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды  Atameken Business.

Антикор Екібастұздағы апатты сыбайлас жемқорлықпен байланыстырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, басқа қазақстандық кәсіпорындар жұмысында да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері байқалады. Олар Семей, Тараз және Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Көбінесе жемқор шенеуніктер ақылы түрде коммерциялық нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосқан, бұл бүкіл жүйеге әсер етеді.

"Мәселен, Семей қаласында "Жылукоммунэнерго" коммуналдық кәсіпорнының қарыздарын жабуға және жылумен қамту нысандарын ұстауға мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінеді, бірақ бұл оң нәтиже бермей отыр. Сыйақыға кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларға осы орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық жағдай жасайды. Нәтижесінде қуат төмендейді, жылу шығыны артады. Соның салдары – көпқабатты үйлердегі суық және ыстық судың жоқтығы. Бұл әр өңірде байқалады", - дейді Саян Ахметжанов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы