Антикор бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты тергеуді аяқтады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т. Тоқтабаевқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Алматы, NEGE. Ол Қостанай облысындағы қатты пайдалы қазбалардың (никель және кобальт) ірі қорлары анықталған «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз берген деп айыпталуда. Нәтижесінде, оның бақылауындағы компания қол қою бонусының ең төменгі құнымен өндіруге дайын кен орнын алған.
Өзінің әлемдік қорлары бойынша бірегей никель және кобальт түріндегі қатты пайдалы қазбалар 100 млн. тонна 5,7 трлн теңге сомасына бағаланады. Тергеу барысында қабылданған шаралармен аталған кен орны мемлекет пайдасына қайтарылды.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айыпталушы Т. Тоқтабаевты сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ