Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлын қаражат жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм арнасында жарияланды. 

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлын қаражат жымқырды деген күдікке ілінгенін айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Шарттың жалпы сомасы 1,2 млрд теңге. Тергеу сотының санкциясымен қазіргі уақытта тінту, сондай-ақ куәлардан жауап алу және басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс бойынша түпкілікті шешім қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын орындау нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Партиялар сайлаушыларға қандай уәде берді

.

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп