USD
USD
USD

Antikor Almaty қызметкерлері әнұранды бір уақытта шырқау бойынша акцияға қосылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге орай Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі патриоттық акцияға қосылды.

Antikor Almaty қызметкерлері әнұранды бір уақытта шырқау бойынша акцияға қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Департамент ғимаратында салтанатты сап түзеп, ведомство қызметкерлерінің нысанды киім-кешекте бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындауы өтті.

Осылайша, бекітілген күнінен бастап 30 жасқа толған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне мемлекеттік қызметшілер құрмет көрсетті.

«Отанға деген құрмет мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады, өйткені бұл ұлттық рухты, әлеуметтік келісім мен патриоттық тәрбиені қалыптастырудың маңызды құралы. Дәстүрді және ұлттық құндылықтарды құрметтеу-әрбір азаматтың, әсіресе, үлгі көрсететін мемлекеттік қызметшінің міндеті», – деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы