USD
USD
USD

Антикор №159 алматылық гимназиядағы ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 159 гимназия әкімшілігі мектептің жөндеу жұмыстарынан ата-аналардан ақша жинағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикор №159 алматылық гимназиядағы ақша жинау фактісіне қатысты түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім басқармасымен бірлесіп егжей-тегжейлі тексеру жүргізу үшін комиссия құруға бастамашы болы отырып, аталған жазбаға қатысты түсініктеме берді. 

"Ақша жинау фактісі бойынша бірнеше ата-ана мектеп әкімшілігін хабардар етпестен, кеңсе жиһазын жаңарту және орындықтарды жөндеу үшін өзге ата-аналардан ақша жинауды ұйымдастырғаны анықталды".Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Комиссия ата-аналармен түсіндірме жұмысын жүргізіп, 114 мың теңге көлеміндегі ақша ата-аналарға қайтарылып берілді. Ал гимназия директорына қатысты бақылауды әлсіреткені үшін тәртіптік шаралар қабылданды.

"Тексеру барысында мектеп жыл сайын бюджет қаражаты есебінен жөнделетіні анықталды, биыл мектепті жөндеуге бюджеттен 15 млн теңге қарастырылған,"- деп хабарлайды Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Қазіргі уақытта байқау өткізіліп, қызмет көрсетуші фирма анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас