Антикорда жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали органның жеке құрамының қатысуымен жедел кеңес өткізді.
Алматы, NEGE. Іс-шара барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың а.ж. 2 қыркүйегіндегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша одан әрі қадамдар талқыланды.
Мемлекет Басшысының Жолдауын ескере отырып, Агенттік басшысы заңның үстемдігін қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы жосықсыз күрес жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін ерекше атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін бюджет қаражатын, оның ішінде жолдарды, мектептерді, денсаулық сақтау объектілерін және спорт инфрақұрылымын салуға бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты мәселелер өзекті болып қала береді.
Осылайша, Президенттің тапсырмасы шеңберінде республиканың бүкіл аумағы бойынша автожолдар құрылысына мониторинг жалғасуда, сондай-ақ нормативтік базаға және барлық процестерді ұйымдастыруға талдау жүргізілуде.
Нәтижелері бойынша жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мемлекет басшысының одан әрі цифрландыру жөніндегі сұрақтарға ерекше тоқталды.
Тиісті бөлімшелерге Агенттік Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесіп іске асыратын «Ақшаны бояу» жобасын сапалы орындау тапсырылды.
2024 жылы автомобиль және темір жолдардың жекелеген учаскелерін салу кезінде «Цифрлық теңгені» пилоттық сынақтан өткізу, сондай-ақ Ақмола облысында «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде ауыл тұрғындарына несие беру жоспарланған.
Президенттің аграрлық секторда мемлекеттік қаражатты жымқырудың қылмыстық практикасының жолын кесу қажеттілігі туралы тапсырмаларын ескере отырып, «Ақшаны бояуды» енгізу бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға арналған инвестициялық субсидиялар болып таңдалды.
Мемлекет басшысының елдің кадрлық әлеуетін нығайту және білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі жекелей талқыланды.
Өздеріңіз білетіндей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазіргі уақытта педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорын пайдалану кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша кешенді жұмыс жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою мақсатында білім, қаржы және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп Жол картасы іске асырылуда.
Кешенді жұмыс аясында жоспарлау мен игеру процесін цифрландыру үшін құқықтық және техникалық жағдайлар жасалуда, бұл осы салада бюджет қаражатын жымқыруды едәуір азайтты.
Кеңес барысында сондай-ақ бизнесті қорғау, инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау және заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша одан әрі жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.
Осыған байланысты, өңірлердегі Агенттіктің аумақтық бөлімшелері кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуды болдырмауға және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасына жаңа серпін беретін болады.
Кеңес қорытындысы бойынша Агенттік Төрағасы ел Президентінің тапсырмаларын мүлтіксіз және сапалы орындау туралы нақты тапсырмалар берді.