USD
USD
USD

Антикор азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құрал енгізеді.

Антикор
Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Енді әрбір азамат жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.

Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот арқылы не істеуге болады?

– Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.

«Біз өтініштің толық құпиялылығына кепілдік береміз. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Алайда, сыбайлас жемқорлық туралы жалған хабарлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске саламыз», – делінген Антикор таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда