USD
USD
USD

Антикор Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мемлекеттік сатып алулардағы мердігер компания арасындағы байланысты тексеріп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан материалдардан кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың жеке құрылыс компаниясымен байланысы болуы мүмкін деген сыбысқа қызығушылық танытты.

Қайрат Нұртаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «За нами уже выехали» Telegram каналы таратқан мәліметке сәйкес, Қайрат Нұртаев облыс әкімінің орынбасары қызметіне дейін «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің бас директоры болған. Бұл компания ұзақ уақыт бойы жергілікті атқарушы органдардың тендерлерін ұтып келген.

Бұған дейін БАҚ-та бұл ЖШС-нің AMANAT партиясынан Мәжіліс депутаты Әділ Жұбановпен байланысы бар екені жазылған болатын.

Атырау
Фото: gov.kz

Өз кезегінде Агенттік «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нің мемлекеттік сатып алуларға қатысуы кезінде жол берілген бұзушылықтар туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат ресми тіркелгенін хабарлады. Қазір бұл мәселе бойынша Антикор мен ішкі мемлекеттік аудит қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 181-бабы, 5-тармағына сәйкес, тексеру жүргізу үшін материалдар Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті лауазымды тұлғалар мен «БатысАльянсСтрой» ЖШС арасындағы мүдделер қақтығысының бар-жоғын зерттеп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК