USD
USD
USD

Антикор 2023 жылдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» есімді азамат ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ қамауға алынды.

Антикор
Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінді. 

Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған.

2024 жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында «У» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады

жол апаты

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

.

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс