USD
USD
USD

Анталияда қазақстандық журналист екі жасар баласымен бірге жол апатынан қаза тапты

Түркияда қазақстандық журналист Арайлым Бағытжан мен екі жасар қызымен бірге жол апатынан қаза тапты.

Анталияда қазақстандық журналист екі жасар баласымен бірге жол апатынан қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді. 

"Антальядан суық хабар келіп жатыр... Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын", деп жазды ол.  

TRT Haber-дің жазуынша, апат салдарынан сафари көлігінде болған Қазақстан азаматшасы оқиға орнында көз жұмды. Ресейлік турист пен 2 жасар қазақстандық сәби ауруханада қайтыс болды.

Екі көлікте болған 20-ға жуық адам зардап шеккен. Олардың арасында Қазақстан, Түркия, Израиль және Ресей азаматтары бар.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс