Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Түркияның Анталия провинциясындағы Серик ауданында такси мен велосипед соқтығысып, Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.

.
Фото: Кубат Аманбеков/IHA

Астана, NEGE. IHA басылымының мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 03:00 шамасында Белек туристік жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, А.С. есімді жүргізуші тізгіндеген такси 27 жастағы Кубат Аманбеков мінген велосипедпен соқтығысқан.

Қатты соққының әсерінен жас жігіт жолға ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Оқиғаны көрген куәгерлер жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде Кубат Аманбековтің қайтыс болғанын анықтады.

Марқұмның Анталиядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде даяшы болып жұмыс істегені белгілі болды. Оның мәйіті сараптама жасау үшін Анталия сот-медициналық сараптама орталығының мәйітханасына жеткізілді.

Ал такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, одан жауап алынған. Қазір жол апатына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz